Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 76 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Автордың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары


Мазмұны
Кіріспе 3
І. АВТОРДЫҢ МҮЛІКТІК ЕМЕС ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ 6
1.1 Авторлық құқық және авторлық атқа құқық 6
1.2 Туындыға қол сұқпаушылық құқығы 19
1.3 Туындыны халыққа жария ету құқығы 27
II АВТОРДЫҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫ 42
2.1 Мүліктік құқықтардың жалпы мінездемесі 42
2.2 Мүліктік құқықтарының түрлері 53
ҚОРЫТЫНДЫ 72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 76

Кіріспе
Халықаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея Европада кітап басу ісімен байланысты ХV ғасырда пайда болды.
Европадағы алғашқы заң XVІІ ғасырда Англияда дүниеге келеді. Ағылшынның баспагерлері мен кітап саудагерлері компаниясының автор құқығын қорғауға байланысты талаптарына сәйкес заң жобасы 1709 жылы талқыланып, ол 1710 жылдың сәуірінде «Королева Аннаның статусты» деген атпен күшіне енеді. Бұл заң тек баспагерлердің ғана мүддесін қорғады. Ал суретшілердің авторлық құқық туралы заңы Англияда 1535 жылы қабылданды.
Бүгінгі Қазақстан аумағында авторлық құқық негіздері нақтылап айтсақ әл-Фараби заманынан келе жатқаны аңғарылады.

Әдеби музыкалық, көркем және ғылыми шығармалар авторының қоғамдағы атқаратын рухани және санаткерлік рөлі соншама – ол азаматтардың терең де тұрақты мүддесіне толық жауап беріп, өркениеттің дамуында шешуші мәнге ие болады.
Мемлекет автордың жеке табыстарымен ғана шектеліп қоймай, оның қоғам байлығына қосқан үлесін де ескере отырып, мейлінше ауқымды және берік қорғалуын қамтамасыз етуге тиіс.
Авторлық құқықтың қазіргі бағыты қорғалатын туындылардың кеңеюі мен авторлық құқықтың жүзеге асу нысандарынан және қорғалу дәрежесінің күшеюінен көрінеді.
Осы саладағы Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңы еліміздің салт – дәстүрі мен мәдени мұрасын сақтауға және дамытуға мүмкіндік береді. Сол себепті бұл заңымызды өте дұрыс және тиімді құрастырылған деп санауымызға болады.
Мен осы дипломдық жұмысымды, көптеген қазақстандық және ресейлік заңгер ғалымдардың еңбектерін пайдалана отырып, және оның негізінде жаздым. Бұл сала бойынша қазақ тілінде материялдар аз болғандықтан, көбіне заңи әдебиеттер қолданылды.
Мен мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтардан тұратын автордың құқықтары туралы өзімді қызықтырған барлық сұрақтарға, осы жұмысымды жазу барысында, толық жауап алдым.

І. АВТОРДЫҢ МҮЛІКТІК ЕМЕС ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ
1.1 Авторлық құқық және авторлық атқа құқық
Автордың мүліктік емес жеке құқықтарының арасындағы бірінші және негізгісі ол туындының авторы болып танылу құқығы. Авторлық құқық туындының белгілі бір тұлғаға тиістілігін объективті факт ретінде белгілейді және туынды мен оның жасаушысы арасындағы ақиқатты байланысты қорғайды.
Берндік конвенцияның 6-шы бабында авторлық құқықты туындыға өзінің авторлығын тануды талап ету құқығы» деп көрсеткен.
1991 жылға дейін әрекет еткен заңда, авторлық құқық тікелей бекітілмеген. Бірақ заңи әдебиеттерде автордың бұл құқығының бар болуы бұрыннан көрсетілген болатын, тек оны бегілеуге қатысты ортақ пікір болмаған еді.
Заң авторлық құқықты тікелей көрсетпей ақ, авторға туындысын өз атынан жариялау және пайдалану құқығын бекіткен, осыған байланысты кейбір заңгерлер авторлық атқа құқық авторлыққа құқықтың құрамына кіреді деп санаған. Басқалары тек авторлық атқа құқық бар, ол кейде авторлық құқықты білдіреді деп санаған.

1.2 Туындыға қол сұқпаушылық құқығы
Автордың мүліктік емес жеке құқықтарының арасында, авторлық құқық туралы заңның 15-ші бабы, 1-тар, 3-тармақшасында «туындының атауымен қоса, оған қол сұғуға жол бермеу, туындыны кез келген жолмен бүлдіруге, бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ автордың ар-ожданына яки беделіне нұқсан келтіре алатын басқа кез келген қол сұғу шылыққа қарсы әрекет ету құқығы (автордың беделін қорғау құқығы)» деп көрсеткен.

1.3 Туындыны халыққа жария ету құқығы
Автордың келесі мүліктік емес жеке құқығы, ол туындыны жариялау құқығы болып табылады, оның тек өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.
Оның бірінші ерекшелігі жоғарыда аталғандарға қарағанда, авторлық құқық туралы Қазақстан Республикасының заңында тікелей аталмаған.
Онымен қоса, Қазақстан Республикасы заңының 15-бабы, 2-тармағында автордың туындыны кері қайтарып алуға құқығы қарастырылған. Бұл нормаға сәйкес, «... автордың туындыны жариялау туралы ондай шешімінен бас тартуға құқығы бар (кері қайтарып алу)...»
Бұл шешімнен бас тарту (құқығы), яғни заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік деп Қазақстан Республикасы заңы «автордың жариялау туралы шешімінің заңи мағынасын таниды.»
Осыған байланысты, Қазақстанда автордың өз туындысын жариялауға мүліктік емес жеке құқығы заңмен танылады. Ал 15-ші бапта ол туралы көрсетпеу, Қазақстандық заң шығарушының бұл субъективтік құқықты мойындамау куәлігі емес, ақдақ деп санау керек. Ол Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ерекше бөлімінен орны толықтырылған.

II АВТОРДЫҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫ
2.1 Мүліктік құқықтардың жалпы мінездемесі
Қазақстан Республикасы Авторлық құқық туралы заңының 16-шы бабы («Мүліктік құқықтар») былай деп бекіткен, «Туынды авторының немесе авторлық құқықтардың өзге иесінің сол туындыны кез келген нысанды және кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік (айырықша) құқығы бар».
Сол баптың екінші тармағында «Автордың туындыны пайдалануға айырықша құқықтары төменгі әрекеттерді жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын білдіреді:

2.2 Мүліктік құқықтарының түрлері
Туындыны қайта шығаруға құқық. Қайта шығаруға құқық, авторлық құқық объектілерін даналардың белгілі бір мөлшерін дайындау арқылы пайдалану мүмкіндігіне негізделген. Қайта шығару туындыны пайдалану әдісі ретінде, авторлық заңда ашып қарастырылған, онда, туындының немесе фонограмманың бір немесе одан көп данасын кез-келген материалдық нысанда, соның ішінде үнжазба және бейнежазба нысанында дайындау. Туындыны немесе фонограмманы уақытша немесе тұрақты сақтау үшін электрондық (санын қоса), оптикалық немесе өзге де машинамен оқылатын нысанда жазып алу да қайта шығару болып табылады (2-бабы). Азаматтық кодекстің 978-ші бабының 3-ші тармағында қайта шығаруды, «туындыға түпнұсқа сындағыдай объективті нысанды қайталап беру (туындыны басып шығару, дыбыс немесе бейне жазулар таралымы және т.б.) қайта жаңғырту болып табылады» деп көрсеткен.

ҚОРЫТЫНДЫ
Авторлық құқық проблемасын қарастыруда дұрыс шешім қабылдау мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды. Авторлық құқық 18-19 ғасырларда кейбір европалық мемлекеттерде пайда болып, бүгін бүкіл дүние жүзіне таралған. Баспагерлердің құқығын қорғау әдісінен ол әлеуметтік, мәдени және экономикалық дамудың мықты факторына айналған. Мемлекетіміз автордың жеке құқықтарын қорғауға жағдай жасай отырып және де туындылардың пайдаланылғаны үшін сыйақы алу жағдайын қамтамасыз ете отырып, адамдардың шығармашылық белсенділігінің жоғарлауына, шығармашылықтың барлық салаларындағы туынды санының өсуіне әсерін тигізіп отыр.